Экономика

ЕАЭО пальма майына қойылатын талаптарды күшейтеді

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуПокупатель в супермаркете, архивное фото
Покупатель в супермаркете, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) азық-түлік өнімдері, соның ішінде пальма майындағы май қышқылының глицидилді эфирлерінің рұқсат етілген ең жоғарғы деңгейіне қатысты техникалық регламент әзірлеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко пальма майын қолдануға қатысты техникалық регламенттер ЕАЭО-ға не үшін қажет екенін түсіндірді.

"Пальма майы – өсімдік майының ең көп таралған түрі. Ол түрлі азық-түлік өндірісінде, әсіресе кондитерлік өнімдер мен бала тағамын дайындау кезінде кеңінен қолданылады", - деді Назаренко.

Бұл жөнінде ол Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Тұтынылатын азық-түлік қауіпсіздігі еуразиялық ықпалдастық назарында" тақырыбында өткен видеокөпір кезінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, өндірісі кезінде барлық технологиялар қатаң сақталған пальма майы сапалы болып саналады.

"Алайда соңғы жылдары ғалымдар, мамандар жоғары температурада өңдеу кезінде әр түрлі өсімдік майларының құрамында май қышқылының глицидилді эфирлері секілді химиялық контаминанттар пайда болатыны туралы айтып жатыр. Олардың адам денсаулығына кері әсер ететіні дәлелденді", - деді ЕЭК министрі.

Оқи отырыңыз: Пандемияға қарамастан ЕАЭО елдері арасында тауар айналымы өсті – Путин

Назаренконың айтуынша, ЕАЭО елдері қолданылатын пальма майын мейлінше қауіпсіз етуді көздеп отыр. Сондықтан қазір ЕАЭО техникалық регламенттеріне енгізілетін сәйкес өзгертулерді әзірлеу жүріп жатыр.

Біраз бұрын хабарланғандай, азық-түлік өнімдерінің құрамындағы май қышқылдарының глицидилді эфирлеріне қатысты ЕАЭО техникалық регламенттеріне өзгертулер 2023 жылы енгізілуі мүмкін.

Жаңалықтар
0