Қоғам

Дариға Назарбаева баскетбол ойнады

© Photo : Альбина Батқызы Атен/facebookДариға Назарбаева баскетбол добын шеңберге салып жатқан сәт
Дариға Назарбаева баскетбол добын шеңберге салып жатқан сәт - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда жаңадан салынған саябақты аралап көрді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева баскетбол ойнап, өзінің шеберлігін көрсеткен сәт түсірілген сурет әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Суретте Назарбаева қатар тізіліп тұрған операторлардың алдында баскетбол добын шеңберге лақтырып жатқан сәт көрінеді.

Содан болса керек, желі қолданушыларының көпшілігі тап осы сәтті неге соншама адам таспаға тартып жатыр деп таңданыстарын жасырмады. Ал бұл суреттің Дариға Назарбаеваның Нұр-Сұлтан қаласындағы Бөкейханов 1а мекенжайында ашылған саябақта түсірілгені белгілі болды.

"Саябақ Елбасы қорының қолдауымен ашылды. Әсіресе, отбасымен келіп демалуға ыңғайлы. Дариға Нұрсұлтанқызы бұл суретте кішкентай балақайдың ұсынған добын алып, шеңберге салып жатыр. Көңілін қимай. Жақсы дүние көрмекке жақсы. Позитивті көңіл-күй болары сөзсіз", – деп жазды Елбасы қорының баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Желі оқырмандары да сурет астына жағымды пікірлер қалдырды.

"Мен бұл суретті өзімде сақтаймын. Дариға Нұрсұлтанқызы шын мәнінде өте қарапайым. Оған ешбір адам жат емес", – дейді оқырмандардың бірі.

Оқи отырыңыз: Көпбалалы аналар оқиды: Дариға Назарбаева жаңа орталыққа барды

Айта кетейік, қазақстандық саясаткерлердің басым көпшілігі спортқа немқұрайлы қарамайды, керісінше белсенді насихаттауға тырысып жатады. Мысалы, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисін жақсы көреді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев үлкен теннисті құп көрсе, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі хоккейге әуес.

Жаңалықтар
0