Спорт

Бокстан Азия чемпионатындағы жанжал: төрешілер жеңісті Қазақстанға қайтарды

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Алғаш рет Қазақстан әйелдер құрамасының 9 бірдей боксшысы Азия чемпионатының финалына шықты

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Дубайда бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер арасында өткен жартылай финалда жекпе-жекке шыққан спортшылар арасынан 9 қазақстандық боксшы финалға жолдама алды, деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясы.

Оның ішінде сегіз спортшы жекпе-жек кезінде қарсыласын жеңді. Жеңімпаздар арасында Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Владислава Кухта (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Милан Сафронова (64 кг), Фариза Шолтай (81 кг)  және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) бар.

Алайда жекпе-жек қызыққа толы. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алаңға шыққан Дина Жоламан Үндістаннан келген Сакшамен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.

Төрешілердің бұл шешіміне қазақстандық тарап наразылық білдірген соң, жеңіс Жоламанға қайтарылды.

"Дина Жоламан финалға шықты! Төрешілер өз шешімін қайта қарап, әділ шешім шығарды", - деп хабарлады бокс федерациясы. Осылайша спортшы финалға жолдама алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Ал қазақстандық спортшылардың арасында Марина Вольнова жеңілді. Ал Валентина Хальзова (69 кг) Азия чемпионатын бірден финалдан бастайды.

Осылайша алғаш рет тоғыз адамнан тұратын бокстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында алтын медаль үшін таласады.

Жаңалықтар
0