Саясат

Тоқаевқа 1930-жылдардағы ашаршылықты арқау еткен кітапты тарту етті

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанҚасым-Жомарт Тоқаев пен Мәулен Әшімбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәулен Әшімбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Кітапта Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың қасіретті тарихын баяндайтын мыңнан астам архив құжаттары жинақталған

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Кездесуде Мәулен Әшімбаев мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген "Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника" жинағын ұсынды, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар, ел президентінің тапсырмасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Сенат төрағасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылданған бірқатар заңдар жөнінде, соның ішінде, республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, сайлау туралы заңға енгізілген түзетулер туралы айтты. Мемлекет басшысы аталған заңдарға қол қойды.

Жоғарғы палата квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды реттейтін заң қабылдады. Қазіргі уақытта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және басқа да заң жобалары депутаттардың қарауында жатыр.

"Мәулен Әшімбаевтың мәліметі бойынша осы сессия басталғалы бері сенаторлар 12 заң жобасына бастамашы болды. Оның үшеуін парламент қабылдаса, төртеуі сенат пен мәжілістің қарауында. Тағы 5 заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленіп жатыр", – делінген ақпаратта.

Сенат төрағасы президентке парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің заң шығарушы органдарымен байланыстарды нығайту жөнінде айтты.

Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген "Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника" жинағын ұсынды. Аталған үш томдықта Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың қасіретті тарихын баяндайтын мыңнан астам архив құжаттары жинақталған.

Оқи отырыңыз: "Құттықтауға рұқсат етпеді": Тоқаев туған күнін қалай тойлап жатқаны белгілі болды

Жаңалықтар
0