Қоғам

Синоптиктер алты облыста дабылды ескерту жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Алматы мен Шымкентте синоптиктер аптап ыстық болады деп болжайды, ал Нұр-Сұлтанда керісінше, температура төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ертең ел аумағының басым бөлігінде  жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыс пен батыстағы атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты найзағай мен өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет.

"Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады және жел күшеюі мүмкін. Оңтүстік өңірде шаңды дауыл тұрады", – делінген хабарламада.

Қай өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

Қарағанды ​​облысында түнде найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетіп, күндіз 35 градус ыстық болады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан секундына 18 метрге дейін жел соғып, ауа температурасы 38 градусқа жетеді. Сондықтан да өрт қаупі бар деп болжанды.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында – найзағайлы және бұршақты ауа райы қалыптасады. Аймақтың оңтүстігінде 38 градусқа дейін ыстық сақталады. Солтүстік-шығыс пен шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысында да найзағай ойнап, шығыстан соққан желдің соңы шаңды дауылға ұласады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт жүріп жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Ауа температурасы күндіз +21, +23 градусқа жетіп, түнде +9, +11 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда бейсенбі күн ашық болады. Күндіз +29, +31, ал түнде +19, +21 градус болады.

Шымкентте синоптиктер күн ыстық және желді болады деп болжайды. Термометр көрсеткіші +30, +35 градусқа дейін жылынып, түнде ауа температурасы шамамен +16, +18 градус болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді.

Жаңалықтар
0