Әлем

Метеорологтар алдағы 5 жылда адамзатты ең ыстық жыл күтіп тұрғанын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинБала, фонтан
Бала, фонтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Ең ыстық жылда ауа температурасы 2016 жылдың көрсеткіштерінен асып түседі, деп болжап отыр метеорологтар

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Алдағы бес жылдың кем дегенде бір жылы рекордтық деңгейде ыстық болады. Бұл туралы Бүкіләлемдік метеорология ұйымы Ұлыбританияның метеорология қызметі жүргізген зерттеуге сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеуге сәйкес, "2021-2025 жылдар аралығында кемінде бір жылдың  тарихтағы ең ыстық жыл болу ықтималдығы 90 процентке тең", делінген БҰҰ сайтында.

Осылайша ең ыстық кезеңдегі ауа температурасы 2016 жылдың көрсеткіштерінен асып түседі. Орташа жылдық әлемдік температура индустрияға дейінгі деңгейден 1,5 градус Цельсий жоғары болады деп хабарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Әлем құрдымға кетудің алдында тұр – БҰҰ үндеу жасады

"Ауа температурасының көтерілуі мұздардың белсенді еритінін, теңіз деңгейінің көтерілетінін, ыстық пен басқа да экстремалды ауа райы құбылыстарының артатынын, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігіне, денсаулыққа, қоршаған орта мен орнықты дамуға әсері күшті болатынын білдіреді", - деді БМҰ бас хатшысы Петтери Таалас.

Бұған дейін БМҰ 2016 жыл тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелгенін растады. Бұл жылы ауа температурасы индустрияға дейінгі кезеңнің мәндерінен шамамен 1,1 градус Цельсийге асқан.

Жаңалықтар
0