АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Бүгін Шымкентте қазақстандық қыздарды Бахрейнге сексуалдық құлдыққа сату ісі бойынша сот басталады, деп хабарлады "Еуразия бірінші арнасы".
Трансұлттық қылмыстық топтың 16 ұйымдастырушысы сот алдында жауап береді. Олардың арасында қазақстандықтар, ресейліктер мен қырғызстандықтар бар. Қылмыстық топ мүшелері адам саудасының халықаралық арнасын құрды деп айыпталып отыр.
Қылмыстық топ 2020 жылдың қыркүйегінде кезекті жәбірленушіні шетелге шығару әрекеті барысында ұсталды.
Оқи отырыңыз: "Ыстық сумен күйдіретін": Сексуалдық құлдықта болған қыз азапты күндерін еске алды – видео
Тергеу мәліметі бойынша, Қазақстаннан қыздарды төрт жыл бойы Бахрейнге апарып отырған. Ол жақта қыздар сексуалдық құлдыққа түскен. Зардап шеккендер арасында кәмелетке толмағандар да бар. Барлығын жалақысы жоғары жұмыс бар деп алдаған.