Қоғам

Баталов зейнетке қашан кетеді – әкімнің өзі жауап берді

© Sputnik / Тимур БатыршинАмандық Баталов
Амандық Баталов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Бүгінгі таңда 68 жастан асқан Амандық Баталов Алматы облысын 2014 жылдан бері басқарып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов зейнетке шығуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менен ылғи осы жайында сұрайды. Бірақ мемлекет басшысы бұл қызметті сеніп тапсырса, күшім мен денсаулығым жетеді" деген Амандық Баталов өз қарамағындағы жігіттерге әркез айтып жүретін сөзін еске алды.

"Ертең сағат 12:00-де жұмыстан кетесің" десе, сол 12:00-ге дейін адал әрі жауапкершілікпен халық үшін қызмет етіп, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаймын. Болды. Жауап осындай. Ал қай кезде кетемін, бүгін бе, ертең бе, арғы күні мен, жарты жылдан кейін бе, оны талқылап, жорамал жасай берсін. Бірақ дәл қазіргі уақытта мен адамдар үшін, облыс үшін жұмыс істеп жатырмын", – деді Баталов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Облыс әкімі жас мамандарға өз тәжірибесін беруге тырысып жатқанын да атап өтті.

"Мен жас жігіттерге ылғи бірдеңе айтып, ақыл беруге тырысамын. Жұмыс өте көп. Жақсылық жасасаң, кәдімгідей ләззат аласың", – деді Баталов.

Оқи отырыңыз: Алакөлге келетін ұшақтарды топыраққа қондыруға тура келеді – облыс әкімі себебін айтты

Айта кетейік, Амандық Баталовтың жасы – 68-де. 2008-2014 жылдары аралығында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ал 2014 жылы тамыз айында Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 2015 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев зейнет жасына келген Амандық Баталовтың өкілеттілігін 2020 жылдың 22 қарашасына дейін ұзартқан болатын.

Жаңалықтар
0