АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қажылыққа баруға қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін Сауд Арабиясы биыл қажылыққа баратын адамдарға арнайы талап қойған болатын. Соған сәйкес қажылыққа баратындар ресми бекітілген вакцинаның екі компонентін де салдыруы керек. Алайда Сауд Арабиясы бекіткен тізімде Қазақстанда салынып жатқан вакциналар жоқ.
Сауд Арабиясы 2021 жылғы қажылыққа байланысты жаңа талаптарды жариялады
"Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан бойынша бұл мәселені қарастырып жатыр. Бұл мәселе маусымда шешілуі мүмкін. Ресми түрде өтініш Сауд Арабиясына жолданды. Діни басқарма бұған нақты жауап береді", - деді Жандарбек Бекшин.
Сауд Арабиясына қажылыққа баратындар төмендегі вакциналарды салдыруы қажет:
- Pfizer-BioNTech,
- AstraZeneca,
- Johnson & Johnson,
- Moderna.
Айта кетейік, Қазақстанда ресейлік "Спутник V", отандық "QazVac", қытайлық "Hayat-Vax" вакциналары қолжетімді.