НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Түркістан облысындағы тас жолдың бойында орта мектеп оқушылары тізгіндеген автокөлік колоннасы тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
25 мамырда сағат 15:45 шамасында Алматы-Термез-Ташкент тас жолында инспекторлар жол ережесін өрескел бұзғаны үшін бірнеше көлікті тоқтатты.
"Полицейлер тексере келе көліктерде Шымкенттегі орта мектептердің бірінің жоғары сынып оқушылары болғанын анықтады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: "Аяғын басып кеттім". Мектеп түлегі қанды оқиғаның қалай болғанын айтты
Шымкенттен Сайрам өңіріне қарай бағыт алған көлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, Әкімшілік кодекстің 606-бабы (жол қозғалысы қатысушысының апатты жағдай тудыру әрекетін жасау) негізінде көліктер айып тұрағына қойылды.