Қоғам

Тоқаев Алматы экологиясы туралы: "Мұны одан әрі соза беруге болмайды"

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы ЖЭС
Алматы ЖЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы ЖЭО-ны жаңғырту жобасы Алматы қаласының экологиясы мен тұрғындары үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтты

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы үкімет пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Алматы әкімдігімен бірлесіп екінші ЖЭО-ны жаңғырту жобасына қатысты мәселені нақтылауды және оны іске асыруды тапсырды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту жөнінде кеңес кезінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында президент қуат беретін жаңа көздерді жаңғыртудың және іске қосудың маңыздылығын атап өтті.

"Үкімет пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына әкімдікпен бірлесіп, екінші ЖЭО-ны жаңғырту жобасына қатысты мәселені түбегейлі нақтылауды және оны жуық арада іске асыруды тапсырамын. Мұны одан әрі соза беруге болмайды", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл мәселенің стратегиялық мәні бар екенін айтты. Оның сөзінше, Алматы қаласының экологиясы және тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруы аталған проблеманың шешілуіне байланысты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев атом станциясын салуға қатысты үрейге бой алдырмауға шақырды

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында мемлекет басшысы атом станцияларын салу, электр энергиясы тарифінің қымбаттауы мәселесін көтерді.

Жаңалықтар
0