Денсаулық

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 32 адам қайтыс болды

© Sputnik / Антон Вергун / Медиабанкке өтуМедицинские работники, архивное фото
Медицинские работники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Қазір республика бойынша 31 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 32 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 28 адам коронавирустан, 4 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Қазір республика бойынша 31 232 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 11 986 пациент стационарда, 19 246 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бір облысы коронавирустың қызыл аймағынан шықты

Жалпы науқастар арасында 668 адамның жағдайы ауыр, 171 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 107 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 1 739 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 121 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 378 311 адам коронавирус жұқтырды, коронавирустан 3 856 адам қайтыс болды. 54 837 адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты, 3 349 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0