Аңдатпа

Қазақстанда 27 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНабережная. Нур-Султан.
Набережная. Нур-Султан. - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 27 мамыр – 17 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

27 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент сенатының пленарлық отырысы. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

12.30 – "Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы ​​облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" баспасөз конференциясы. Спикер: Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. Трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

14.30 – "Балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі" туралы баспасөз конференциясы. Спикерлер: Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Сыздықов Бауыржан, ішкі істер министрлігі ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бастығының орынбасары Жұманалин Нұрлан, білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жекебаев Дулат. Трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

19.00 - "Дүние-ғапыл" спектаклі (Жас көрермендердің музыкалық театры, Ж. Омаров көшесі, 47Б).

19.00 - "Next generation" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Туған күн немесе қуған күн" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

19.00 – "Кин IV" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

АЛМАТЫ

11.00 - Алматыдағы COVID-19-тің қазіргі жағдайы туралы онлайн-конференция. Спикерлер: Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев. Сұрақтарыңызды 26 мамыр сағат 19:00-ге дейін info@rsk.almaty.kz немесе +7 708 973 46 55 (WhatsApp) нөміріне жіберуіңізге болады. Баспасөз конференциясы Facebook-тегі  әкімдіктің, өңірлік коммуникациялар қызметінің және Open Almaty парақшаларында көрсетіледі.

12.00 - "Дюймовочка" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Адам-Зат" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Империядағы кеш" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103). 

19.00 - Дулат Тоқановтың жеке концерті (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 - "Миллионерша" спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 - "Көңілді көктем кешінде" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

19.30 – "Қыз қуу" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

28 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуі. Есеп беру кездесуі министрліктің және министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында онлайн форматта жүргізіледі. 

НҰР-СҰЛТАН

16.00 - "Король лев" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 - "Дүние-ғапыл" спектаклі (Жас көрермендердің музыкалық театры, Ж. Омаров көшесі, 47Б).

19.00 - "Зере" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

19.00 - "Приношение Прокофьеву" концерті ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 - "Астана Балеттегі" бір актілі балеттер кеші" спектаклі ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

19.30 - "ҰБТ тапсырмаймын!" спектаклі. ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел көшесі, 10/1).

АЛМАТЫ

16.00 – "Как лечить львиный страх" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 - "Roof Top Party" концерті (SEN voice music studio, Медеу ауданы, Горный Гигант шағын ауданы, Ескендіров көшесі, 1).

18.30 – "Бір түп алма ағашы" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Барымен базар" спектаклі (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Предмет/Пространство/Персонаж" спектаклі (АРТИШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

19.00 – "#Огонь детка" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

19.00 – "Восемь любящих женщин" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Трибьют METALLICA" концерті (Алматы мұз айдыны, Алатау ауданы, Нұркент шағын ауданы, Момышұлы көшесі).

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8(7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электронды мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

17 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде, ZOOM арқылы, министрліктің Facebook және YouTube сайттарында тікелей эфирде өтеді. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды 10 маусымға дейін келесі байланыс құралдарын пайдалана отырып жібере аласыз: министрдің Ашық диалог порталындағы блогы, министрліктің ресми сайтындағы "сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау, электронды пошта: mti_press@mti.gov.kz, сонымен қатар министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0