НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. "Россия 1" телеарнасының эфирінде танымал дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников шұжық өнімдерінің өте қауіпті екенін айтты.
"Шұжықтағы натрий нитриті қатерлі ісік ауруларының пайда болу қаупін арттырады. (...) Шұжық, шұжық өнімдерінде натрий нитриті ғана емес, транс майлар, қанттар және басқа да зиянды заттар болғандықтан 2015 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны ресми түрде канцерогендерге жатқызыды", - деді Мясников.
Оқи отырыңыз: Шұжықты кімдерге жеуге болмайды – дәрігер кеңесі
Сарапшының пікірінше, шұжық өнімдерінің жарнамасына темекі секілді тыйым салу керек.
"Өйткені қаншама адамның өмірін қиып жатыр ", - деп түсіндірді Мясников.
Сонымен қатар, дәрігер шұжықты көп мөлшерде тұтыну ерлердің денсаулығына зиян тигізуі мүмкін екенін атап өтті.