Әлем

Байден мен Путин қандай мәселені талқылайды – саясаттанушы пікірі

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуМәскеудегі АҚШ елшілігі
Мәскеудегі АҚШ елшілігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Алексей Мухиннің пікірінше, бұл кездесу екі ел қарым-қатынасындағы жаңа кезеңнің бастауы бола алады

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байден Женевада 16 маусымда кездеседі. Мұны Кремль мен Ақ үй растады.

Sputnik радиосының фирінде саясаттанушы Алексей Мухин екі ел көшбасшылары не мәселе төңірегінде әңгіме тарқататыны туралы өз болжамымен бөлісті.

Официальный представитель Министерства иностранных дел России Мария Захарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2021
Байденнің Ресей туралы мәлімдемесі: Мария Захарова жауап берді  
Кездесу кезінде талқыланатын тақырыптар қатарында екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен келешегі, стратегиялық тұрақтылық пен халықаралық мәселелердің күн тәртібі, оның ішінде коронавирус пандемиясына қарсы күрес және өңірлік қақтығыстарды реттеу бар.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, бұл кездесудің мән-жайын әлі де талқылау қажет.

Sputnik радиосының эфирінде Саяси ақпарат орталығының бас директоры Алексей Мухин талқыланатын мәселелердің тақырыбы екіжақты қарым-қатынастың жай-күйіне қарай анықталатынын айтты.

"Бізде қазір текетірес басым тұр. Егер біз достық немесе дұшпандық қарым-қатынаста екеніміз түсінікті болса, онда бұл белгілі бір сындарлы өзара іс-әрекеттерді қалыптастыру мүмкіндігіне елеулі әсер етер еді. Қазір белгілісі мынау: біз – қарсыласпыз. Мұны Ресей жариялаған жоқ, алдымызда осы факті болды. Сондықтан Ресей мен АҚШ президенті жаһандық қауіпсіздікті талқылайды. Себебі бұл барлығына қатысты. Бұдан басқа климат пен халықаралық қарым-қатынас секілді жаһандық өзгерістер де талқылануы мүмкін", – деп санайды Алексей Мухин.

Оның пікірінше, бұл кездесу екі ел қарым-қатынасындағы жаңа кезеңнің бастауы бола алады.

"Жалпы мұнда Ялта конференциясына дайындық туралы сөз болып отыр. Қазір біз бұл келіссөздер аяқталуынан әлі алыста тұрмыз. Алайда аяқ астынан келіссөздер процесі күрт жылдам қарқынмен жүріп, нәтижесіне тез қол жеткізуіміз де ғажап емес.

Әйтсе де, АҚШ Ресейге қатысты қырын көзқарасына қарамастан, қазір Ресейдің халықаралқ мәселелерді өз орны бар мемлекет екенін мойындап отыр. Бұған кездесуді дәлел еуге болады", – деп санайды саясаттанушы.

13 сәуірде Байден Путинмен телефон арқылы әңгімелесу барысында Вашингтонның Мәскеумен АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне сәйкес "тұрақты әрі оңтайлы қарым-қатынас" орнатуға ұмтылысын атап өтті. Ақ үй басшысы Ресей президентімен кездесу жаздың басында өтеді деп үміттенді.

Жаңалықтар
0