Ауғанстанда тәлібтер шабуылы үдей түсті

© AFP 2024 / JOEL SAGETАуғанстан аумағында жүрген АҚШ жауынгері
Ауғанстан аумағында жүрген АҚШ жауынгері - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Жазылу
Америкалық әскер Ауғанстаннан шығарыла бастағаннан-ақ тәлібтер онсыз да тыныш емес солтүстік провинцияларды өз бақылауына белсенді түрде ала бастады

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Ауғанстанның атақты әскери қолбасшысы Абдул Рашид Дустум Фараб провинциясында үкіметке қарсы күресу үшін адамдарды арандатып жатыр. Кабулда "Ислам мемлекеті"* содырларының тобы ұсталды. Орталық Азияның көрші елдерінде үрей басым. Ресей Ауғанстандағы жағдайдың кез келген бағытта өрбуіне дайын болғанымен, қақтығысушы тараптарды әскери белсенділікті төмендетуге шақырады.

Военнослужащий армии Афганистана на месте теракта, совершенного в военной академии в Кабуле - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Ауғанстан Орталық Азия елдерінің арнайы жасақтарын біріктіруді ұсынды
Маршал Дустумның жақтаушылары Фараб провинциясында жаңа губернаторды тағайындауға қарсылық танытып, оның тіпті Маймене әуежайында қоныстануына мұрша бермеді. Жергілікті мыңдаған тұрғын мен Дустум басқарып отырған Ауғанстанның халықтық ислам қозғалысы партиясының қарулы содырлары әуежай аумағы мен бірнеше мемлекеттік мекемені қоршап алды. Ел президенті қайта тағайындаған губернатор Дауд Лагманиге қорғаныс минитрлігінің әскери базасына уақытша тұрақтауға тура келді. Қарсылық білдірушілер өз дегенінен қайтар түрі жоқ.

Маршал Дустумның ауған перзиденті Ашраф Ғанидің губернаторды тағайындау туралы шешімімен келіспеушілігі әскери көтеріліс сипатына және Кабулдағы қарама-қайшылықтардың артып жатқанын білдіріп тұр. Бұл жерде Дустумның өзбек, тәжік және басқа да Орталық Азия халықтары қоныстанған Ауғанстанның ауқымды бөлігіне ықпалы мен әскери тәжірибесін де есепке алу керек.

Ислам республикасында ауқымды террористік актілер мен үкіметтік күш және террористік топтардың өзара қақтығысының саны артып жатыр. Кабулда 20 мамырда 50-ден астам шабуылға қатысы бар "Ислам мемлекетінің" жеті содыры ұсталды. Әскери әрекеттердің ауқымы Ауғанстанның бес провинциясынан халықтың жаппай қоынс аударуына алып келді. Ауғанстан Ислам республикасындағы күрделі ахуал көрші жатқан елдерге де қауіп төндіріп тұр.

Фараб провинциясының наразылық білдіруші тұрғындары 21 мамырда елдің солтүстігінде жаңа федералдық үкімет құруды талап етіп ұрандатты. Сепаратистік ықпал артып жатыр. Дустум өкілі "егер ауған үкіметі Фараб провинциясы тұрғындарының заңды талаптарын орындамаса, бұл наразылық ауқымы үлкейе беруі ықтимал" екенін мәлімдеді. Кезекте солтүстіктегі және солтүстік-шығыстағы алты провинция тұр.

Жергілікті халықтың Кабул тағайындаған шенеунікпен текетіресі жүйелі проблеманы аңғартып тұр. Президент Ашраф Ғани мен бірінші вице-президент Абдулла Абдулламен арадағы шиеленісі артып жатыр. Мемлекет басшысы басқа саясаткерлермен де мәлімеге келе алмауы салдарынан Бейбіт процесс жөніндегі жоғарғы кеңес (25 адам) құрамы жасақталмады. Бұл құрылымның құзыреті туралы ақпарат жоқ. Тәлібтермен де диалог үзіліп тұр. "Талибан"* келіссөздерге қайта оралудың белгісі ретінде ауған түрмелеріндегі өзінің тағы 7 000 содырын босатуды талап етуде. Ашраф Ғани бұл талапты орындауға келісіп те отыр. Бұған дейін Кабул тұтқындағы 5 000 тәлібті босатқан болатын.

США уходят из Афганистана: террористы и наркотрафик остаются - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Видео
АҚШ әскері Ауғанстан жерінен шығарылды: елде жағдай қалай өзгерді – видео
Президент Ашраф Ғани 18 мамырда ауған үкіметі шетелдік әскер елден кеткеннен кейін тәлібтерге қарсы күресуге толық дайын екенін мәлімдеп, бейбітшілікке қол жеткізу үшін "Талибан" Ауғанстанның саяси жүйесі ретінде сайлауды негізгі принцип ретінде мойындауы керек екенін аңғартты. Ал тәлібтер ислам әмірлігін құру туралы идеядан бас тартпайтынын бірнеше рет мәлімдеді.

Шетелдік әскердің ел аумағынан кетуі жағдайында "бейбіт процесті" тұрақтандыру мақсатында Кабул Бейжіңмен қарым-қатынасты нығайтуды көздеп отыр. Кейбір жергілікті бақылаушылар Ауғанстан аумағында Қытайдың әскери қатысуы ықтималдығын жоққа шығармай отыр. Алайда ҚХР бұл ішкі мәселеден бойын алшақ ұстап отырғанын барынша білдіруге тырысып келеді. СІМ басшысы Ван И айтқандай, "Қытай Ауғанстандағы барлық тараптарды қолдайды".

Ал Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Мәскеу шетелдік контингтент ел аумағынан кеткеннен кейін Ауғанстандағы жағдайдың кез келген бағытта өрбуіне дайын екенін айтты.

АҚШ ҚК Орталық қолбасшылығы өткен аптада Ауғанстан аумағынан әскери контингтенттің 20%-і шығарылғанын мәлімдеді. Эвакуация жоспардағы межеден жылдам орындалып жатыр және ол 11 қыркүйекке дейін аяқталуы ықтимал. НАТО мемлекеттік хатшысы Йенс Столтенберг 21 мамырда Парижде "Батыл қолдау" миссиясының қорытындысын жариялап, "Әскери қатысуды аяқтап, біз жаңа тарауды бастағалы отырмыз" деген пікір білдірді.

Альянс Ауғанстан үкіметіне үш негізгі бағыт бойынша көмектесуді жоспарлап отыр:

  • Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне консультациялық және қаржылай қолдау;
  • Ауғанстанның арнайы операцияларды орындайтын күштерін әскери даярлау (ел аумағынан тыс);
  • Кабул әуежайының жұмысын технологиялық және қаржылай қолдау.

Америка Ауғанстан аумағынан өз әскерін алып кеткеннен кейін Орталық Азияның көршілес елдері аумағынан ауған жеріндегі жағдайды бақылаймын деген жоспары іске аспады. Өзбекстан мен Тәжікстан түрлі себептермен америкалық альянс әскері үшін "қосалқы аэродром" болудан бас тартты. Кабул және тәлібтермен тең қарым-қатынасты ұстанып келе жатқан Түркіменстан да қандай да бір қадамға баруы екіталай. Қазақстан мен Қырғызстан – ҰҚШҰ-ға мүше. Ал ұжымдық қауіпсіздік аумағындағы бұл мәртебе көп міндеттер жүктейді. Ендеше АҚШ Ауғанстаннан 1 000 километр қашықтықта орналасқан Сауд Арабиясымен өңірлік әскери ынтымақтастықты нығайтуға мәжбүр.

* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0