Өңірлер

Шығыс Қазақстанда ер адам туған анасын ұрып өлтірді

© Sputnik / stringerТени на стене, иллюстративное фото
Тени на стене, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Айыпталушы анасын соққыға жыққанын мойындады. Сот оны кінәлі деп тауып, алты жылға бас бостандығынан айырды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ер адам туған анасын ұрып өлтірді. Трагедия Риддер қаласында болды, деп хабарлады "Астана" арнасы.

60 жастағы ер адам кейуананың ескертуін жақтырмай, жұдырық ала жүгірген. Ішінен теуіп, басынан ұрған. Зейнеткер ауруханаға келесі күні қаралған. Дәрігерлер зардап шегушінің жағдайын көріп жағасын ұстапты.

Атырау тұрғыны 3 баланың көзінше анасын балтамен ұрып, кейін өзіне қол салды

Әжей бас сүйек-ми жарақатын алған, өкпесі жарылып, ішіне қан кеткен, сүйектері сынып, денесі көгерген. Ол көз жұмды. Ұлы анасын ұрғанын мойындады. Сот оны кінәлі деп тапты. Жақын адамын өлтіргені үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сот сотталушының жасын, тараптардың келісімге келгенін, кінәсін мойындағанын, бұрын азаматтың сотталмағанын, жәбірленушілердің пікірін ескере отырып, оны алты жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіледі. Тараптар бұл шешімге қарсылық білдірмеді, шағым түсірген жоқ, сот үкімі заңды күшіне енді", - деді Риддер қалалық сотының судьясы Айнұр Рахымова. 

Жаңалықтар
0