Қоғам

Министр Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды бөлісті

© Photo : министерство здравоохранения Республики КазахстанАлексей Цой
Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Министр сценарийлердің орындалуы азаматтардың вакциналау мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдай болжамын жаңартты.

"Пессимистік сценарий кезінде, вакциналау тиімділігі 60%-тен кем болмағанда, маусым-қыркүйек айында вирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жуықтайды", – деді Цой үкімет отырысында.

Реалистік сценарий бойынша, вакциналау тиімділігі 80%-тен кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді.

Оптимистік сценарийде вакциналау тиімділігі 95%-тен кем болмағанда, маусым-қыркүйекте 61 мыңға жуық адам індетке шалдығады деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз: Желіде масаның коронавирус тасымалдайтыны туралы хабарлама тарап жатыр

Министр сценарийлердің орындалуы азаматтардың вакциналау мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0