АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі отырыста бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейнеүндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді ", - деп жазды Уәли.
Жиын Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де өтеді. Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның веб-сайтынан көруге болады.
Оқи отырыңыз: "Адамдар арасындағы сенімсіздік күшейді": Назарбаев бейнеүндеу жасады