Ресейдің "Алмаз-Антей" қорғаныс концернінің бас директоры Ян Новиков НАТО елдері осы мақсатта 8 мыңнан астам қанатты зымыран жинақтап алғанын айтты. Сонымен қатар АҚШ-тың Х-37 құпия космопландары Жер орбитасында бортында ядролық қаруды алып жүре алады.
US Space Force X-37 космопланы өзінің Жер атмосферасынан тыс 220 тәуліктік ұшуын 2010 жылы орындап қойған. Оның мүмкіндіктері жайлы мәлімет аз. Бағдарламаны 2004 жылы құпия деп жариялаған болатын. Сондықтан күні кешеге дейін мамандар бұл космоплан әскери қауіп төндіре ме, әлде NASA мен DARPA агенттігінің ғылыми эксперименті ме деп бас қатырды. Ғарышқа ұшырылған ұшқышсыз аппараттардың ғаламшар кеңістігінде болу уақыты бірте-бірте ұзарып келеді: Х-37-нің төртінші ұшуы 718 тәулікке жалғасса, бесіншісі 780 тәулікке созылды.
Ресми мәліметке сәйкес, Х-37 бағдарламасы – қандай да бір тиімді жүктемедегі көпреттік ұшқышсыз ұшатын ғарыш кемелері саласындағы технологияларды эксперименттік пысықтау. Аппараттың ұзындығы – 9 метр, қанатының серпіні 4,5 метрді құрайды. Оның бастапқы салмағы 5 тонна болғанымен, бортында шамамен бір тонна пайдалы жүкті алып жүре алады.
Military Watch 23 мамырда Х-37 аппараттары ғарыштан ядролық соққы жасай алатыны туралы жазды. Алайда мұндай әрекеттерге халықаралық келісімдермен тыйым салынған. Ең бастысы Х-37 ғарышты иемдену құралына айналмаса болғаны.
Ресейлік "Прометей" С-500 алыс қашықтыққа әрекет ететін әуедегі шабуыл мен зымыран шабуылынан қорғаныс жүйесі кез келген ғарыш аппаратын "қағып" түсіре алады. С-500 сағатына 25 мың километр жылдамдықта ұшатын нысандарға 600 километрлі радиуста соққы жасай алады. "Прометей" техниканың кең спектріне қарсы күрес жүргізу мақсатында әзірленген. Оның қатарында 200 километрге дейінгі биіктіктегі әуе-ғарыштық шабуылдау құралдары да бар.
Ресей ұсынған ақпарат бойынша МиГ-41 тосқауыл жасаушы жойғыш ұшақтары таяу ғарыштағы соғыс әрекеттеріне арнап дайындалатын болады. "МиГ" корпорациясының бас директоры Илья Тарасенко біраз бұрын технологиялық тұрғыдан алғанда жаңа ұшақ 4-5 Мах жылдамдықта, яғни сағатына 6000 километрден астам жылдамдықта ұшатынын мәлімдеді.
Бүгінде Ресей қарсыластың ғарыш ұшақтары мен спутниктерін бейтараптандыру үшін модернизацияланған МиГ-31 жойғыштарын қолдануы мүмкін. Әлемде бесінші буынға жататын жойғыш ұшақтардың пайда болуына қарамастан ресейлік әуе кемесі әлі де қуатынан айырылған жоқ. Бұл жойғыш ұшақ салмағы 9 тоннадан асатын арсеналды алып жүре алады және 2,83 Махқа дейінгі жылдамдықта зымыранды қаруды қолдануға мүмкіндігі бар. Military Watch мәліметі бойынша, МиГ-31 өз қаруын жақын ғарышта да қолдана алады.