Экономика

Президент Қостанай облысының әкіміне тапсырма берді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуВодопроводный кран, архивное фото
Водопроводный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Тоқаев өңірдегі елді мекендерді таза сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ, Арқалық жылу электр орталығын  жаңғырту жұмыстарын тездетіп аяқтау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай өңірінің биылғы төрт айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев "Самұрық-Қазына" төрағасын қабылдады 

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі, негізгі капиталға инвестиция салу және тұрғын үйлерді пайдалануға беру салалары бойынша  оң көрсеткіштер бар. Қостанайда құны шамамен 80 миллиард теңге болатын жаңа шойын құю зауытының құрылысы жүріп жатыр.  Аталған кәсіпорында 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

"Мемлекет басшысына еліміздегі алғашқы оқшаулау орталығы құрылысының барысы мен Kia және Renault автомобильдерін құрастырудың жаңа желісінің іске қосылғаны туралы баяндалды. Жыл басынан бері өңірде 16 459 автомобиль, оның ішінде, 15 599 жеңіл автомобиль, 736 жүк көлігі және 124 автобус шығарылды. Жыл соңына дейін 60 мың автокөлік құрастыру жоспарланған", - делінген хабарламада.

Қостанай облысы әкімінің айтуынша, бүгінде 2,8 миллион гектар алқапқа дәнді дақыл және 500 мың гектар жерге майлы дақыл егілген. Егіс науқаны 1 маусымға қарай аяқталады.

Сонымен қатар президентке Қостанай облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді. Мекемелер талапқа сай медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының қоры да жеткілікті.

505 мың азаматқа вакцина егу жоспарланса, бүгінге дейін 80 мыңнан астам адамға екпе салынған. Сондай-ақ "Ashyq" мобильді қосымшасы белсенді енгізілуде. Қазіргі таңда кәсіпкерлерден 270 өтінім қабылданған.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі елді мекендерді таза сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ, Арқалық жылу электр орталығын  жаңғырту жұмыстарын тездетіп аяқтау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0