Оқиға

Нұр-Сұлтанда полицейлер үш айлық сәби мен зейнеткерді ажалдан аман алып қалды

© Photo : congerdesignСәби, иллюстративті сурет
Сәби, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Елордалық полицейлер өрт сөндірушілер келгенге дейін көпқабатты тұрғын үйдің адамдарын сыртқа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан полицейлері үш айлық сәби мен егде жастағы адамды өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт кешкі уақытта Жеңіс даңғылындағы үйде болған. Ауданды бақылап жүрген патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторлары, аға лейтенанттар Ерсұлтан Сарыбаев пен Нұржан Жантаев екінші қабаттағы пәтерден көк түтін шығып жатқанын байқайды.

Полицейлер өрт сөндірушілерге хабар береді. Ал өздері тұрғындарға көмекке ұмтылады.

"Көк түтін бүкіл кіреберісті алып, жоғары қабаттарға тарала бастаған. Тәртіп сақшылары тұрғындарды эвакуациялауға кіріседі. Сол сәтте жоғары қабаттан жанұшыра айғайлаған әйелдің даусын естиді. Оның үш айлық сәбиі тұншығып жатыр екен", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Өрттен 5 бала қайтыс болғаннан кейін аудан әкімі жұмыстан кетті

Пәтерге кірген полицейлердің бірі таза ауа жұтқызу үшін нәрестені ашық балконға жақындатады. Содан кейін дымқыл жамылғыға орап, көшеге алып шығады.

Осы кезде жергілікті тұрғындар төртінші қабаттағы пәтерде 67 жастағы ер адам қалып қойғанын айтады. Тәртіп сақшылары бірден ішке кіріп, қарияны құтқарды.

Сәбидің анасы мен зейнеткердің қызы жақындарын құтқарғаны үшін полицейлерге ризашылығын білдірді.

Жаңалықтар
0