Қоғам

Бас мүфти 10 отбасыға пәтер кілтін табыстады

© Photo : Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыБас мүфти пәтер кілтін табыстау рәсімінде
Бас мүфти пәтер кілтін табыстау рәсімінде - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Осы күнге дейін "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж азаматтарға 400-ден аса пәтер берілген

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұқтаж жандарға он үйдің кілтін табыстады.

Қайырымдылық шарасы "Әнет баба" мешітінде өтті. "Ел үлесі – пәтерге" жобасы аясында бір сәтте 10 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Игі шараға Қарағанды облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Ол діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық, көмек сұрап келгенге көмектесу екенін атап өтті. Айтуынша, бүгінге дейін "Зекет және қайырымдылық" қорының ұйымдастыруымен 400-ден аса пәтер берілген.

"Бұл – үлкен көрсеткіш. Осынша отбасыға қуаныш сыйлап, үй-жайлы болуына ықпал еттік. Міне, бүгін осында келген мұқтаж отбасылар тағы да қуанышқа кенеледі. Біз үшін одан асқан бақыт жоқ", - деді ҚМДБ төрағасы.

Баспаналы болғандар арасында көпбалалы отбасылар, ауыл имамы және өзге ұлт өкілі бар.

Бұдан бөлек, өңірдің орталық мешітінде 150 мұқтаж отбасыға азық-түлік салынған қораптар табысталды.

Жаңалықтар
0