НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ел астанасында теректен түскен ұлпалар өртеніп, Қазақстан президентінің резиденциясы – Ақорда маңы көк түтіннің астында қалды.
Оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде видеолар жариялай бастады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ұлпалар осылай өртеніп жатыр. Полицейлер оқиға орнына аттанған болу керек", – деп жазды желіде астаналық тұрғын Арай Ордабаева.
Ал төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтанда қураған ағаш пен теректің ұлпалары жанып жатқанын растады.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, тиісті жұмыстар атқаруда.
Оқи отырыңыз: Әуежайға қонар кезде ұшақтан түтін шыққан – оқиғаның видеосы
Айта кетейік, бұған дейін департамент өкілдері өрт қаупі туралы ескерткен болатын. Қала көшелерінде терек ұлпалары көптеп жиналуы мен соңғы күндері ауа температурасының +35-ке дейін көтерілуі қауіпті күшейте түсті.