НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Медицина ғылымдарының кандидаты Елена Соломатина Sputnik радиосына берген сұхбатында кеңседегі ауа салмақтың азаюына қалай әсер ететінін айтты.
Егер кеңседе істейтін қызметкерлер арықтағысы келсе, онда бөлме салқын болғаны дұрыс, деп атап өтті дәрігер-диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Елена Соломатина.
"Кеңседе ауа температурасы 25 градустан жоғары болмауға тиіс. Егер бөлме жылы болса, біздің ағзамыз жалқауланып, метаболизм баяулайды. Ал температура 18 градустан төмен болса, организм энергияны денені жылытуға жұмсайды, тиісінше адам тезірек арықтайды", - деп түсіндірді ол.
Айтуынша, дене температурасы көтерілгенде, зат алмасу жеделдейді, сонымен қатар қалқанша без гормоны тироксин белсенді бола түседі.
"Қалқанша без энергияның түзілуіне жауап беретіндіктен, энергия көбейіп, метаболизм күшейеді. Температура төмендеген бойда бәрі қалпына келеді. Адамдардың көбі ауырған кезде арықтайтыны осыдан, энергия қорын тезірек толтыру үшін тәттіге тәбеті артады", -деді Елена Соломатина.
Тағы оқыңыз: Карантин кезінде 40 келіге арықтаған жігіт құпиясын бөлісті
Дәл осы себептен, тіпті диеологтардың өзі организм ауруды жылдам жеңуі үшін қарапайым көмірсуларды тұтынуға рұқсат етеді.
Маманның айтуынша, ыстық болған кезде терлеу, сұйықтықтың буға айналуы есебінен де салмақ түсуі мүмкін.