Өңірлер

Ата-анасы шетелге оқысын деп жіберген ақтөбеліктің тағдыры талқандалды

© Photo : Рixabay/Beatrice SchmukiРешетка
Решетка - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Ер адам бірнеше жыл Сауд Арабиясында оқыған. Қазақстанға келген соң таныстарын жат ағымға еруге насихаттаған

АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. Діни ағымды насихаттағаны үшін 31 жастағы қазақстандық бес жылға сотталды. Ол жазасын Ақтөбе облысындағы КА-168/2 қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеп жатыр.

Ер адам Сауд Арабиясындағы университеттердің бірінде оқыған. Содан кейін елге келіп, дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған.

"Екі жыл бұрын студент туған қаласына жазғы демалысқа келген. Дөңгелек ауыстыратын ғимаратта діни сабақтар өткізіп, дәстүрлі емес діни ағымды ашық насихаттаған", - деп хабарлады Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, сот оны Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 2 адам әкімдіктің жүз қызметкерін өлтіруді жоспарлағаны анықталды 

Бұл бап мүлкін тәркілеп, бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

"Қазір "Ақниет" қоғамдық қорының және "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығының мамандары, сондай-ақ мешіт имамдары осы сотталған адамды оңалтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады", - деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Жаңалықтар
0