Қоғам

"Тиісті шара қолданылады": Тоқаев президент әкімшілігіне шұғыл тапсырма берді

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Тоқаев газетке шыққан мақаладан кейін шұғыл тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық газетте көтерілген мәселеге назар аударды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.  

Оның айтуынша, тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады.

Айта кетейік, мақалада Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына көшіп барған қазақстандықтардың мәселесі көтеріледі.

Оқи отырыңыз: "Кетпегенде қайтеді?": Тоғжанов оңтүстіктен солтүстікке көшетіндердің мәселесін көтерді

"Еңбек" бағдарламасы аясында қоныс аударғандарға үй берілсе де, үш жылдан бері құжаттарын рәсімдемей отыр. Адамдар ауыз суды бір шақырым шалғай жерден тасып жүр. Ал қыста қарды ерітіп ішеді.

Жаңалықтар
0