Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда селфи жасамақ болған оқытушы мен студент ажал құшты

© Photo : pixabay.comТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Студенттер мен олардың жетекшісі судың ішінде топтық суретке түскен. Кейін суда екі қыз қалады. Олардың аяқтары тайып, суға батып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде суретке түскен 20 жастағы студент пен 27 жастағы куратор суға батып кетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов дүйсенбі күні өткен брифингте.

Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысындағы "Сосновый бор" демалыс базасында болды.

"Мағжан Жұмабаев колледжінің төртінші курсының он екі студенті кураторымен бірге сағат 11-де "Волна" демалыс базасына келіп, арнайы орынды жалға алады. Жақын арада су болмағаннан кейін, олар сағат 16-ға таман Есіл өзенінің жағасында орналасқан "Сосновый бор" демалыс базасына суретке түсу үшін жаяу барады. Бұл демалыс орталықтары арасында бірталай арақашықтық бар", - деді Қанғожинов.

Студенттер мен олардың жетекшісі суретке түсу үшін суға кіреді. Содан кейін барлығы жағаға шыққан, суда 1994 жылы туған куратор мен 2001 жылғы студент қана қалады.

© Photo : ДЧС СКООқиға орнындағы іздестіру шаралары
Солтүстік Қазақстанда селфи жасамақ болған оқытушы мен студент ажал құшты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Оқиға орнындағы іздестіру шаралары

"Қыздар селфи жасай бастайды. Бұл жердің ағысы өте қатты. Өзенге Сергеев су қоймасынан әлі де су келіп жатыр, оның үстіне өткір жартастар бар. Олар шамамен белге дейінгі тереңдікте тұрған, байқамай бірнеше қадам жасап, аяқтары тайып екеуі де суға кетті", - деді департамент өкілі.

Оқиға орнына жақын тұрған студент қыздардың артынан суға түскенмен, таба алмай қалады. Оның да күші таусылып, қайта жағаға шығады.

© Photo : ДЧС СКОІздестіру шаралары
Солтүстік Қазақстанда селфи жасамақ болған оқытушы мен студент ажал құшты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Іздестіру шаралары

"17.05-те төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті. Сағат 18:15-те жедел сүңгуірлер тобы оқиға орнына келіп, іздеу жұмыстарын бастады. Қыздардың денесі 5-7 метр тереңдікте табылды. Қаза болғандардың денесі сараптамаға жіберілді", - деп қорытындылады Қанғожинов.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, соңғы сегіз жыл ішінде өңірде 189 адам суға кеткен, оның 24-і балалар. Өткен жылы тоғыз адам, бір бала суға кетті.

Жалпы облыста су қоймаларындағы 58 демалыс орны анықталды, қалған жерде суға түсуге тыйым салынған.

Осы демалыс күндері полиция мен құтқарушылар рейд жүргізді. Нәтижесінде 21 адам белгіленбеген жерде суға түскені үшін, 58 адам қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылды.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда үш жасар екі бала суға батып кеткен болатын. Балалардың денесі үйден 350 метр қашықтағы бақша дақылдарын суаруға арналған арықтан табылды.

Жаңалықтар
0