НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрілігі коронавирус инфекциясы мен пневмониядан қайтыс болғандар туралы деректі жариялады.
Министрліктің хабарлауынша, бір тәулікте 18 адам коронавирустан, 4 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.
Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 3 805 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 344 қазақстандық қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда індет жұқтырған адамдар саны азая бастады
24 мамырдағы мәлімет бойынша, 33 002 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 030 пациент стационарда, 19 972 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар арасында 729 адамның жағдайы ауыр, 178 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. 99 адам жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Айта кетейік, бір тәулікте Қазақстанда 1 832 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Пандемия басталғалы 375 014 адамнан COVID-19 инфекциясы табылды.
