Өңірлер

Илон Масктың спутниктері Ақсай тұрғындарын шошытты – видео

© Photo : Joshua Earle / UnsplashНациональный парк Сноудония на севере Уэльса
Национальный парк Сноудония на севере Уэльса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Кейбір куәгерлер қозғалатын шарларды белгісіз ұшатын заттарды қате деп тапқан. Кейінірек адамдар бұл Starlink спутниктері екенін анықтады.

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Америкалық миллиардер Илон Масктың SpaceX корпорациясы ғаламдық интернет жүйесі үшін орбитаға ұшырған 60 Starlink спутнигі Батыс Қазақстандағы Ақсай қаласының тұрғындарын шошытты, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" басылымы.

Аулада отырған қала тұрғыны Светлана Соловьева аспан кеңістігінде тізбектеле жылдам қозғалып бара жатқан белгісіз жарықты байқаған.

"Түнгі сағат бір жарымда біз аспанда жарқыраған шамдарды көрдік. Бір қызығы, олар әрқайсысы 30 данадан екі қатармен тізбектеліп Оралдан Ақтөбеге қарай жылжып бара жатты", – дейді ол.

Куәгерлер жарық шамдардың жыпылықтап жылжып барып, қараңғылыққа сіңгенін айтады. Тіпті, олардың бірі оқиғаны телефон камерасына түсіріп үлгерген. 

Кейінірек Ақсай қаласының тұрғындары қала үстінде беймәлім ғарыш денелері емес, америкалық миллиардер Илон Маскқа тиесілі SpaceX корпорациясы орбитаға шығарған ғаламдық интернет жүйесінің 60 Starlink спутнигі екенін білді.

Оқи отырыңыз: Илон Маск әлем бойынша тегін WiFi-ға қалай қосылуға болатынын айтты

Айта кетейік, жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда, қазіргі кезде әлемнің қол жетімсіз болып тұрған бөліктерінде жоғары жылдамдықты интернет пайда болады. Илон Маск осы мақсатта орбитаға 12 мың жер серігін шығаруды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0