Оқиға

Нұр-Сұлтанда сауда үйінде 9 жасар баланы тоқ соқты – қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Владислав Воднев Ребенок с игрушкой, архивное фото
 Ребенок с игрушкой, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2021
Жазылу
Баланың анасының айтуынша, сауда үйінің кіреберісіндегі металл қондырғыдан тоқ соққан

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда сауда үйлерінің бірінде 9 жасар баланы тоқ соққан. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Девушка держит мобильный телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2020
Қоғам
Тоқ соғуы мүмкін – телефонды қандай жерде қуаттауға болмайды
19 мамырда қала тұрғыны баласының сауда үйлерінің бірінде жарақат алғанын айтып полицияға шағым түсірген. Ол бір күн бұрын 9 жасар ұлымен Сәтбаев көшесіндегі сауда үйіне барған. Кенет оның айқайын естиді. Жүгіріп барған келіншек кіреберісте орнатылған күзет жүйесінен баласына тоқ соғып жатқанын көреді. Оқушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілген.

Полицияның хабарлауынша, бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 306-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті ата-аналарға мейлінше сақ болып, баланы қараусыз қалдырмаудың маңызы туралы ескерту жасайды.

Жаңалықтар
0