Видео

Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы – трансляция

Жазылу
ЕАЭО мемлекет басшылары бірлестіктің коронавирус пандемиясынан кейінгі дамуын және интеграцияның келешегін талқылайды

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы бейнеконференция режимінде өтіп жатыр.

Отырыста Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйлейді.

Отырыс барысында ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, ортамерзімдік перспективаға міндеттер қаралады.

Сонымен қатар Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі интеграциялық өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінеді.

Жаңалықтар
0