Қоғам

Жамбыл облысында казармада әскери қызметші өз-өзіне қол салды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото военнослужащих
Архивное фото военнослужащих  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Министрлік дерегінше, марқұм әскери қызметке 2021 жылдың сәуірінде шақырылып, 15 мамырда ант қабылдаған

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында 82796 әскери бөлімінде қайғылы оқиға болды. Мерзімді қызметтегі әскери қызметші суицид жасады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство ақпаратынша, 82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі казарманың 4-қабатындағы терезеден секіріп кеткен.

"Аман алып қалу шаралары жүргізілгенімен, сарбаз есін жимастан көз жұмды", – делінген хабарламада.

Қазір құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесі мен туыстарының қалауы бойынша жария етілмейді.

Қорғаныс министрлігі мерт болған сарбаздың отбасына қайғырып көңіл айтады.

Марқұм әскери қызметке 2021 жылдың сәуірінде шақырылған, 15 мамырда ант қабылдады.

Оқи отырыңыз: "Үйімді сағындым": Алматы облысындағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Айта кетейік, 82796 әскери бөлімі Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейский кентінде орналасқан.

Жаңалықтар
0