Саясат

Пандемияға қарамастан ЕАЭО елдері арасында тауар айналымы өсті – Путин

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуЕжегодное послание президента РФ В. Путина Федеральному Собранию
Ежегодное послание президента РФ В. Путина Федеральному Собранию - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Путин одақта интеграция тетіктері барынша тиімді жұмыс істеп, өзара сауда мен инвестициялық байланыстардың, өнеркәсіптік кооперациялардың өсуіне септігін тигізуі керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына қарамастан  ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 17%-ке өсті. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Путин одақта интеграция тетіктері барынша тиімді жұмыс істеп, өзара сауда мен инвестициялық байланыстардың, өнеркәсіптік кооперациялардың өсуіне септігін тигізуі керек екенін атап өтті. Айтуынша, сонда ғана макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарып, халықтың өмір сүру сапасы артады.

"Пандемиямен болған қиындықтарға қарамастан ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 17%-ке өсті", - деді ол. 

Ол қазір әлемдегі тұрақсыз жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы күрт құбылып тұрғанын айтты. 

Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Саясат
Тоқаев бес елдің президенті қатысып жатқан отырыста өзекті мәселені көтерді

Сонымен қатар Путин жуырда Еуразиялық комиссия қант нарығында одақ елдерінің баға саясатын шоғырландыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдағанын еске салды.  

"Қажет болса, басқа да азық-түлік өнімдері бойынша жедел шаралар қабылдау керек", - деді Ресей басшысы. 

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жаңалықтар
0