Қоғам

Қазақстандық құтқарушылардың жалақысы қанша – министр жауабы

© Sputnik / Тимур БатыршинНовые двести тенге
Новые двести тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Төтенше жағдай министрі азаматтық құтқарушыларды, әскери қызметшілерді, шен тағатын адамдарды аттестациядан өткізіп, жалақы мен әлеуметтік пакетті біртіндеп ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин азаматтық құтқарушылардың жалақысы мен әлеуметтік пакеті біртіндеп ұлғайтылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің халыққа есеп беру кездесуінде Қызылорда облысының тұрғыны сүңгуір ұлы туралы айтып, Ильиннен осы санаттағы қызметкерлердің жалақысы өсе ме деп сұрады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда өрттен 29 бала ажал құшты – министр

Министр құтқарушы-сүңгуірлер жедел-құтқару жасағындағы азаматтық құтқарушылар санатына жататынын атап өтті.

Айтуынша, 2019 жылы олардың еңбекақысы 30%-ке көтерілген.

"Қазір орташа жалақы 170 мың теңге шамасында. Әрине, бұл көп ақша емес. Сол себепті жалақыны кезең-кезеңмен ұлғайту бұл санаттағы қызметкерлер үшін де өзекті. Біз келешекте азаматтық құтқарушыларды, әскери қызметшілерді, шен тағатын адамдарды аттестациядан өткізуді және тиісінше жалақы мен әлеуметтік пакетті біртіндеп ұлғайтуды көздеп отырмыз", - деді Ильин есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар ведомство басшысы құтқарушылардың зейнет жасын төмендету мәселесін де пысықтау қажет екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0