Спорт

Геннадий Головкин Қазақстанға не үшін келді – фото

© AFP 2024 / LUCAS BARIOULETГеннадий Головкин
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) кезекті кездесуін орта салмақтағы WBA чемпионы жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. IBF пен IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстанға келді, деп хабарлайды prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Алматыда өткен қайырымдылық шарасына қатысты. Сол жерде Головкиннің қолтаңбасы бар қолғабы да аукционмен сатылды.

"Үйде болған тамаша, жанға жайлы", – деді Геннадий. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gmg Max (@gmg_max)

Қайырымдылық шарасына GGG-дің ағасы Максим Головкин мен тағымал UFC спортшысы Зубайра Тухугов та қатысқан.

Айта кетейік, Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы WBA чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кезекті жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бокс кеші жылдың соңында өтуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Головкин Елеусіновті неге құттықтаған жоқ – боксшының менеджері өз болжамын айтты

Головкиннің промоутері Эдди Хирн бұл жекпе-жекке дейін Головкин америкалық Деметриус Андрадеге қарсы (30-0, 18 КО) орта салмақта тағы бір жекпе-жек өткізетініне сенім білдірді.

Жаңалықтар
0