Денсаулық

Дәрігер қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін атады

© Sputnik / Денис Абрамов / Медиабанкке өтуОнкологический диспансер
Онкологический диспансер - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Мәскеудің бас онкологы қатерлі ісік ауруының басты белгілерін атады

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр - Sputnik. Мәскеудің денсаулық сақтау департаментінің бас онкологы Игорь Хатьков ағзада қатерлі ісік ауруы бар екенін білдіретін өзгерістерді атады, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның арасында: 

  • себепсіз салмақ тастау
  • әлсіздік
  • нәжіспен шырыш пен қан бөлінуі
  • терідегі өзгерістер
  • меңнің мөлшерінің, формасы мен түсінің өзгеруі бар.

"Бұл өзгерістер болған жағдайда мүмкіндігінше дәрігерге ерте қаралу қажет", - дейді Игорь Хатьков.

Қатерлі ісіктің алдын алу үшін не істеу керек

Дәрігер медициналық тексеруден тұрақты түрде өтіп тұруға кеңес береді.

Оқи отырыңыз: Ми қан айналымының бұзылуы: емдеу және алдын алу

21 жастан бастап әйелдер ісіктің алдын алдын алу және жатыр мойны ісігінің бар-жоғын анықтау үшін гинекологқа қаралып тұруы қажет.

39 жастан бастап әйелдер кем дегенде үш жылда бір рет маммографиядан өтуі керек.

50 жастан кейін ерлер мен әйелдер жасырын қанға тексерілгені немесе тоқ ішек ісігі ауруының алдын-алу үшін гастроколоноскопия жасатқаны абзал.

10 жылдан астам уақыт темекі шегетіндер өкпенің компьютерлік томографиясынан (КТ) өтуі қажет.

Жаңалықтар
0