Денсаулық

Аналық без обыры: емдеу және алдын алу жолдары

© AP Photo / YVES LOGGHEГинеколог указывает на изображение женских яичников на стенде, архивное фото
Гинеколог указывает на изображение женских яичников на стенде, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Аналық без обыры көбінесе науқастың көз жұмуымен аяқталады. Себебі ол әдетте тым асқынған кезде анықталады. Осы дерттің дендеп кетуіне жол бермеу әдістері және емдеу шаралары туралы оқи отырыңыздар

 

Аналық без обыры деген не

Аналық без обыры – бұл аналық без тіндерінен пайда болатын қатерлі ісік. Өкінішке қарай, онкологиялық аурудан қайтыс болған науқастардың 5%-і осы аналық без обырына тиесілі. Яғни бұл дерттің өлімге алып келу көрсеткіші жатыр обыры және жатыр мойны обырынан болған өлімді қоса алғанда да көп болып отыр. Бұл ауру көбіне жасы 70-тен асқан әйелдерде кездеседі. Жаңа түзіліс тым қатты өседі. Метастаздар қалқанша безде, асқазан-ішек жолында, жатырда және сүт безінде де болуы мүмкін. Аналық без функциясы бұзылған әйелдер арасында (овуляцияны ынталандыратын дәрілерді қолдану, жиі жасанды түсік жасату, бедеулік) бұл ауру көптеп кездеседі.

Аналық без обырының пайда болу себептері

Әзірше аналық без обыры туындауының нақты себептері табылған жоқ. Обыр қалыпты жасушалар түрлі мутациялардың ықпалымен бей-берекет агрессивті өсуге қабілетті және апоптозға төзімді болған кезде белең алады.

Аналық без обырының пайда болу ықтималдылығын арттыратын қауіп-қатер факторлары:

  • егде жас;
  • гендердің тұқым қуалаушылық мутациясы (BRCA1/BRCA2 және басқалар, мысалы, Линч синдромымен байланысты MLH1/MSH2);
  • тұқым қуалаушылық;
  • эстрогендер арқылы толықтырушы терапияны қолдану;
  • етеккірдің ерте келуі және етеккірдің кеш тоқтауы;
  • жүктіліктің болмауы, бедеулік;
  • семіздік;
  • эндометриоз.

Аналық без обырының белгілері

Осы ауруды сипаттайтын бірнеше белгі бар:

  • либидоның төмендеуі;
  • әлсіздік, апатия, сырқаттану;
  • кіші жамбас айналасындағы қолайсыздық;
  • тез шаршаңқылық;
  • кіндік пен шап аумағының сыздап ауыруы;
  • етеккір кезеңінің және оның ұзақтығының өзгеруі;
  • жас әйелдің бала көтере алмауы;
  • жатырдан қан кету;
  • жиі кіші дәретке бару;
  • қарынның төменгі жағының сыздап ауыруы;
  • тәбеттің жоқтығы;
  • іште бөгде заттың тұрғанын сезіну;
  • іш кебу;
  • қан аралас бөліністер.

Аналық без обырының кезеңдері

Обырдың басқа түрлері секілді аналық без обырының да төрт кезеңі бар:

Бірінші саты – бұл жағдайда тек аналық без зақымдалған;

Екінші саты – ісік кіші жамбасқа қарай ығысады;

Үшінші саты – ауру ішпердеге қарай өтіп, құрсақ қуысы шегіндегі бауыр мен басқа да органдарда метастаздар пайда болады, шаптағы лимфалық түйіндердің зақымдалуы;

Төртінші саты – шеттегі метастаздар.

Аналық без обырын емдеу

Аналық без обырын емдеу оның асқыну сатысына байланысты болады. Көп жағдайда хирургиялық ота және платина негізіндегі химиотерапия қажет болады (операциядан кейін ісіктің даму кезеңі және морфологиясы туралы мәліметтерге сәйкес).

Хирургиялық жолмен емдеу кезінде қосалқы өсінділермен бірге жатырды алып тастау (екіжақты сальпингоофорэктомия), үлкен шарбы майды алып тастау, жамбас және парааорталы лимфодиссекция қолданылуы мүмкін. Болашақта жүктілікті жоспарлап отырған жас науқастар үшін жатыр мен бір аналық безді сақтап қалуға тырысады.

Егер циторедуктивті операцияны орындау мүмкін болмаса, химиотерапия жасалып, ота кейінге қалдырылады. Аналық без обырының барлық жағдайында "химия" қолданылады және ол таргетті терапиямен үйлестіріледі.

Сонымен қатар стромальді ісіктердің (қатерлілігі төмен) рецидиві болған жағдайда гормонды терпия әдісі қолданылады.

Бірінші тізбектегі сәулелік терапия қолданылмайды деуге болады. Себебі оның тиімділігінің дәлелі әлі де жеткіліксіз.

Диагностика

Аналық без обырын ерте кезеңде анықтау үшін жиі гинекологтың профилактикалық тексеруінде болу керек.

Аналық без обырының диагностикасы науқастың шағымдары негізінде жүргізіледі:

  • гинекологиялық тексеру (кіші жамбас органдарының пальпациясы);
  • трансвагиналды УДЗ (кіші жамбас УДЗ);
  • құрсақ қуысына және/немесе кіші жамбасқа КТ немесе МРТ жасау;
  • жалпы несеп талдауы, клиникалық және биохимиялық қан талдауы, CA-125 ісікті маркеріне арналған қан талдауы, АФП және бета-хорионды гонадотропинге қан талдауы, ингибинге қан талдауы, қанның сарысуында НЕ4 ісікті маркерін анықтау.

Егер науқас әйелдің тұқымында обырмен ауырғандар болса, онда генетикалық консультация және BRCA, MLH1/MSH2 гендерінің мутациясын анықтауға арналған генетикалық тест қажет.

Онколог дәрігер барлық қажетті мәліметті алған соң, ол аурудың өршу кезеңін анықтайды.

Аналық без обырының профилактикасы

  • Әйел адам өз денсаулығына үлкен мән беріп, гинекологтың тексеруінде болуы керек және УДЗ жасауы қажет;
  • Пайдалы ас ішу; жемістер, көкөністер, ағуыздар, майлар;
  • Өз салмағыңызды бақылауда ұстау;
  • Дене шынықтыруға бет бұру керек. Аптасына 3-4 рет 30 минуттан дене жатығуымен айналысу онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін төмендетеді;
  • Спиртті ішімдіктерді шамадан тыс көп ішпееу керек. Бұл орны толмас қайғылы процестерге алып келуі мүмкін;
  • Темекі шегуден бас тарту.
Жаңалықтар
0