Саясат

"Бұл артық айтқандық емес": Тоқаев пен Рахмон не туралы сөйлесті

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанТоқаевтың Тәжікстанға сапары
Тоқаевтың Тәжікстанға сапары - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Өткен жылы пандемияға қарамастан екі елдің өзара сауда-саттық көлемі 800 миллион долларға жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге ресми сапары аясында Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен шағын құрамда екіжақты келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Жоғары деңгейдегі мемлекетаралық келіссөз басталмас бұрын Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы рапорт жасап, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның мемлекеттік туына құрмет көрсетті. Мемлекет басшылары Құрмет қарауылы сапының алдынан өтіп, бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда кездесу басталды.

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанДушанбеде Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Бұл артық айтқандық емес: Тоқаев пен Рахмон  не туралы сөйлесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Душанбеде Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Тараптар қазақ-тәжік стратегиялық әріптестігінің кең ауқымды мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ саяси диалогты нығайтуға ерекше көңіл бөле отырып, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру жағдайын талқылады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәлелелері қозғалды.

Тоқаев Рахмонға тәжік жеріне келгеннен бастап өзіне және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжайлылығы мен құрметі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

"Екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға байланысты маңызды мәселелер қарастырылатын болғандықтан, біз осы сапарға зор мән береміз. Бұл ретте талқылайтын мәселе жеткілікті. Былтыр пандемияға қарамастан, өзара сауда-саттық көлемі 800 миллион долларға жетті. Бұл сауда-экономикалық саладағы әлеуетіміздің әлі де мол екенін көрсетеді. Әрине, біз де өз тарапымыздан бірқатар ұсыныс жасаймыз. Сондай-ақ сіздердің де ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз", – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге де тоқталып, екі елдің БҰҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ аясындағы өзара табысты ынтымақтастығын атап өтті. 

"Жалпы барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты нығайту үшін мол мүмкіндігіміз бар. Қазақстан мен Тәжікстан – бауырлас мемлекеттер. Бұл артық айтқандық емес", – деді Тоқаев.

Өз кезегінде Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа Тәжікстанға ресми сапармен келгені үшін шынайы ілтипатын білдірді. Ол Қазақстан Тәжікстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің ішінде екінші орында екенін атап өтті.

Сонымен қатар Рахмон екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың барлық саласы бойынша ынтымақтасты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.

Жаңалықтар
0