Саясат

Тәжікстан президентімен табысты келіссөз жүргіздім – Тоқаев

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанВизит К.-Ж. Токаева в Таджикистан
Визит К.-Ж. Токаева в Таджикистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Мемлекет басшылары ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨЫСШК аясындағы ықпалдастықты талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен табысты келіссөз жүргізгені туралы жазды.

© Photo : Пресс-служба Ак ордыТоқаев пен Рахмон
Тәжікстан президентімен табысты келіссөз жүргіздім – Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Тоқаев пен Рахмон

Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға уағдаласты.

"Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен табысты келіссөз жүргіздім. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға уағдаластық. Келешектегі саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындадық", - деп жазды президент.

© Photo : Пресс-служба Ак ордыТоқаев пен Рахмон
Тәжікстан президентімен табысты келіссөз жүргіздім – Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Тоқаев пен Рахмон

Келіссөзде Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудың, өңірлік диалогты, атап айтқанда, бес мемлекет басшыларының консультативтік кездесуі деңгейінде дамытудың өзектілігі ерекше аталып өтті.

"Сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨЫСШК аясындағы ықпалдастықты талқыладық", - деп түйіндеді президент.

Жаңалықтар
0