Қоғам

Миллион жазылушысы бар ресейлік блогерлер қазақша әнге видео түсіріп жатыр

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Әнші Алмат Асыланбек орындайтын "Байдың қызын аламын" әні TikTok-та кеңінен таралып, танымал болып келеді

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Ресейлік видеоблогерлер Юлия Гаврилина, Анна Антигрустин және Даня Милохин "Байдың қызын аламын" деген қазақ әніне тик-токта видео түсіріп жатыр. 

 

​Олардың видеосы желіде мыңдаған қаралым мен жақсы пікір жинауда.

"Байдың қызын аламын" әнін қазақстандық әнші Алмат Асыланбек орындайды. Ал қазір әуен желі арқылы екінші тыныс алды. 

Блогерлер TikTok-та жаңа тренд бастады. Олар "дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік шабамын" деп, көңілді билеп видео түсіріп жүр. 

 

​Қазақстандық видеоблогерлер Carina Cold және Avdi Senpai жаңа трендті жылы қабылдап, кей видеоға пікір қалдырып жатыр. 

 

​Ал желі қолданушылары блогерлер ән мәтінін түсінді ме екен деген сұрақ қоюда.

"Қимылдарына қарасаң, олар әннің мағынасын біледі", – деп жазды кейбір TikTok қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін TikTok-та қазақстандық өнерпаздардың "Шоқ қыздар" әні хит болған еді. 

 
Жаңалықтар
0