Коронавируспен ауырған қазақстандықтар шипажайға тегін жолдаманы қалай ала алады

© Photo : Yelena SergiyenkoБурабай көлі
Бурабай көлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Қандай шипажайда және жекеменшік орталықта медициналық сақтандыру аясында сауықтыру курсынан өту мүмкіндігі бар екені белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Коронавируспен ауырып шыққан елордалықтар "Бурабай" шипажайына жолдаманы тегін ала алады. Сондай-ақ "Адал Ниет Астана" жекеменшік орталығында да оңалту курсынан өту мүмкіндігі бар. Бұл туралы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова мәлімдеді.

Шипажайда сауықтыру курсынан тегін өту үшін тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымынан жолдама алу қажет.

Рүстемованың айтуынша, пациент тек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мемлекеттік тапсырысы және оңалту туралы келісімшарты бар шипажайға ғана жіберіледі.

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша екі санаторий бар, олардың біреуі "Бурабай" шипажайы. Онда тыныс алу жүйесінің ауруларын емдейді, пневмониямен ауырып шыққандарды соған жіберуге болады. Екіншісі жекеменшік сауықтыру оралығы "Адал Ниет Астана", мемлекеттік тапсырысы бар, Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен. Орталықта коронавируспен ауырып шыққан науқастар үшін реабилитациялық төсек-орындар бар",-деді ол баспасөз мәслихатында.

Бүгінде елордада COVID-19-бен ауырған 40-қа жуық пациент шипажай-курорт емі қызметтерін пайдаланған. Негізінен, олар егде жастағы адамдар, деп атап өтті Рустемова.

Сонымен қатар оңалту бөлімдері, соның ішінде күндізгі стационар төсек-орны бар алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында да учаскелік терапевтің жолдамасымен сауықтыру курсынан өтуге болады.

Пациенттерді шипажайға учаскелік дәрігер "Емдеуге жатқызу бюросы" порталы арқылы жоспарлы тәртіпте жібереді.

Жаңалықтар
0