НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Жақында Беларусьтің Барановичи қаласында Як-130 әскери ұшағы құлады, екі ұшқыш оқиға орнында қаза тапты.
Ұшақ оқу-жаттығу ұшуын орындаған, әуе кемесінің апатқа ұшыраған сәті видеоға түсіп қалды.
"Екі ұшқышымыз қаза болды. Қара жәшікті оқығаннан кейін олар шынымен де ерлік жасағанына көз жеткіздік", - деп келтірді Лукашенконың сөзін ел президентінің ресми сайты.
Трагедия алдында ұшқыштар ұшақты тұрғын үйлерден әрі әкетуге тырысып, соңғы сәтте төмен биіктікте катапульта жасады.
"Олар уақыт жоқ екенін түсінсе де, соңына дейін күресті. Ұшақ үйлердің үстіне құласа, қайғы-қасірет болатынын түсінді. Бүгінгінің екі батыры көз жұмды", - деді Лукашенко.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Беларусьте құлаған ұшақ туралы не білеміз
ЯК-130 оқу-жауынгерлік ұшақтары ескірген чехиялық Л-39 әуе кемелерін алмастырған. Ұшақтардың бірінші партиясы Беларуське 2015 жылы келді, деп жазады "Минск-Новости".
Ұшақта ұшқыштарға арналған екі орын бар.