Қоғам

Әсел Айтпаеваның өлімі: адвокат істің мән-жайын баяндады

© PhotoСилуэт девушки на фоне реки
Силуэт девушки на фоне реки - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Жәбірленуші тараптың адвокаты іс бойынша күдікті қазақстандық азаматтың тергеу амалдары аяқталғанша тергеу изоляторында болуына қол жеткізуді көздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның туыстарының адвокаты Ербол Қанафин істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды КТК.

Айта кетейік, Тбилисиде қазақстандықтың өліміне байланысты іс бойынша Грузия азаматы мен қазақстандық Мұрат Мейірбеков (Әсел Айтбаеваның туысы) ұсталды.

Айсұлу Айтпаеваның адвокаты Ербол Қанафин ұсталған қазақстандықтың қамауға алыну уақыты 10 тәулікке дейін ұзартылғанын хабарлады.

"Біздің мақсат – күдіктінің сотқа дейінгі тергеу кезінде тергеу изоляторында болуына қол жеткізу. Себебі халықаралық байланысы мен қаражаты бар адам үй қамағында отырса да Қазақстаннан жасырынуға әрекеттенеді деп қорқамыз", - деп атап өтті адвокат.

Мейірбековті экстрадициялау қаупі жоқ. Конституция өз азаматтарын басқа елге беруге тыйым салған, сондай-ақ Грузиямен арада мұндай келісім жоқ. Сол себепті Мейірбековтың кінәсі дәлелденсе, ол жазасын қазақстандық заң негізінде өтейді.

Әсел Айтпаеваның өлімі

Сәуірдің соңында Әсел Айтпаева Грузия автосалондардың бірінде жұмыс істеуге барған. Арада бір апта өткенде оның денесі Тблисидегі үйлердің бірінің терезесінің астынан табылды.

Грузияға оны туысы шақырған. Енді қыздың туыстары ол адам саудасымен айналысады деп күдіктеніп отыр. Сондай-ақ Грузия полициясы оны қызды зорлады деп сырттай айыптады. Ер адам Нұр-Сұлтанда ұсталды.

Оқи отырыңыз: Әсел Айтпаеваның ісі: марқұмның әпкесіне екі қыз хабарласқан

Сонымен қатар осы күдікпен Грузияда 57 жастағы Бесик Тордуа деген азамат ұсталды. Бойжеткен туыстарының үйінен кетіп, ер адамның үйіне тоқтаған. Оған қазір "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша да айып тағылды. Алайда марқұмның отбасы істі "кісі өлтіру" бабы бойынша қарау керек деп отыр.

Қазақстандық тергеушілер тобы қазақстандық әйелдің қаза болуының барлық мән-жайын анықтау үшін Грузияға барды.

Жаңалықтар
0