НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Ақтөбеде полиция қызметкерлері жоғалған тоғыз жастағы қызды тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
19 мамыр күні сағат 16:00-де Астана ауданы №1 қалалық полиция бөліміне тоғыз жасар қыздың анасы хабарласқан. Оның айтуынша, кәмелетке толмаған қызы сағат 11:30-да үйден кетіп, қайтып оралмаған.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыздар жалдамалы пәтерден табылды
Қоңыраудан кейін бірден бөлімнің ювеналды полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылып, іздестіру іс-шараларына көшті. Жоғалған қызды Пожарский көшесі, "Дәнекер" дүкенінің жанынан тапқан.
Қызбен әңгімелескен уақытта ол ұзақ уақыт үйіне бармай, ойынға беріліп кеткенін айтып түсіндірді.
Полицейлер кәмелетке толмаған баламен және ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.
Ақтөбе облысының полицейлері ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.