Мамыр айында бүр жаратын көкнәрдің гүл ашып тұратын уақыты тым қысқа. Сондықтан бұл көз тойдырар көрікті көріністі тамашалау үшін асығу керек.
Бұл "алаулаған" гүлдер бірнеше күн ғана гүлдеп тұрады. Қала маңында жайылған дала гүлі алқабы ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, естелік ретінде әдемі суретке түсудің таптырмас мүмкіндігі болып отыр. Бұл сұлу көрініс сағаттап тамашалауға тұрарлықтай.
Жалпы, Алматы маңында жайқалып тұрған дала гүлі есірткі өсімдігі емес. Ол көбіне тау жотасында, алқапта өседі. Оны кей адамдар апиын көкнәрімен шатастырып жатады.
Оқи отырыңыз: Жапонияда сакура ерте гүлдеді – фото
Мұнда ремерия, қазақша қызылтаңдай деп аталатын түрі өседі. Sputnik Қазақстан фототілшісі бірнеше күнге ғана созылатын табиғат сұлулығын суретке түсіріп қайтты. Дала гүлін төмендегі материалдан тамашалаңыз.