Өңірлер

Перзентханада ауысып кеткен: павлодарлық қызы туралы шындықты 27 жылдан кейін білді

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Әлеуметтік желідегі фотоға қарап әйел 27 жыл бұрын қызының перзентханада ауысып кеткенін түсінген

АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Светлана Педченко есімді әйел Павлодар перзентханасында екі баланың ауысып кеткені туралы оқиғаны баяндады. Әйел сотқа жүгініп, ауруханадан моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге өтемақы талап етті.

Әйел 1993 жылы Павлодардағы №2 қалалық ауруханада қыз туған. Онымен бірге палатада тағы бір әйел жатқан. Екі сәби 20 минут аралықпен дүниеге келген.

Светлананың сөзінше, жаңа туған нәрестелерді бір жерде жөргектеген. Дәл сол кезде дәрігерлер шатасып кеткен болуы мүмкін.

Қыз отбасындағы үлкен ұлынан сыртқы келбеті жағынан ерекшеленген, бірақ әйел оған аса қатты мән бермеген.

"Ұлым ашық реңді, көзі көк, ал маған көздері қара, өзі де қара торы қызды берді. Күйеуімнің шешен ұлтына қатысы болғандықтан, ол менің қызым емес деген ой мүлде болмады", - деді Светлана Педченко өңірлік "Ирбис" телеарнасына.

Былтыр Светлана әлеуметтік желіде көрген қыздың фотосы көзіне оттай басылған. Оның парақшасына кірген кезде өзіне қатты ұқсайтынын байқаған. Сол сәтте жаңа туған нәрестелердің ауысып кеткен болуы мүмкін екенін түсінген.

Әйел Павлодарға барып, қызбен кездесті. ДНҚ Светлана Педченко өсірген қыздың биологиялық анасы емес екенін көрсетті. Күйеуімен бірге олар ауруханаға қарсы іс қозғады.

Әйел өзінің биологиялық қызының сүйіспеншілікке толы отбасыда өскенін айтты. Алайда "өткен өмірді қайтару мүмкін емес", дейді ол.

Светлана күйеуімен бірге әділетке жетіп, сәбилерді ауыстырып алған перзентхана қызметкерлерін жауапқа тартуға шешім қабылдады.

"Павлодар қалалық сотында Олег Педченко мен оның жұбайы Светлана Сұлтанов атындағы Павлодар ауруханасының үстінен түсірген арыз бойынша азаматтық іс қаралып жатыр.  Моральдық шығын өтеу бойынша үшінші тұлға – Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы тартылған", - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Руфат Ерғалиев.

Ерлі-зайыпты өтемақы ретінде 20 миллион теңге талап еткен. Екінші отбасы сотқа жүгінбеді. Ал отбасы қазір Ресей Федерациясының аумағында Новосибирск қаласында тұрады.

Оқи отырыңыз: Балалардың перзентханада ауысып кеткені 40 жылдан кейін анықталды 

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай бұған дейін де Павлодар облысында болған еді. Биыл сәуірде 35 жыл бұрын Железин ауданы ауруханасында екі нәрестенің ауысып кеткені белгілі болды. Екі баланың отбасы моральдық шығын ретінде 10 000 000 және 15 000 000 теңгеден өндіріп алуды сұрады. Павлодар облысының соты бұл іске кінәлі адамды таппады.

Жаңалықтар
0