Өңірлер

Павлодар тұрғынынан 12 келіден астам марихуана тәркіленді

© Sputnik / Юрий Абрамочкин / Медиабанкке өтуМарихуана
Марихуана - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері Toyota Carina автокөлігінің салонынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған үш брикет пен бір полиэтилен пакет тапты

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Павлодар тұрғынынан 12 келіден астам марихуана табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Арнайы операция нәтижесінде Екібастұз қаласында аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен ер адам ұсталды.

"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Toyota Carina автокөлігінің салонынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған үш брикет пен бір полиэтилен пакет алды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат салмағы 12 келіден асатын кептірілген марихуана есірткісі болып шықты", – деді Павлодар облысы ПД-нің бастығы Нұрлан Мәсімов.

"Қатты қорқып жүрдім": Қарағандыда аптасына 200 мың теңге тапқан қыз 10 жылға сотталды

Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0