Денсаулық

Шымкент "қызыл" аймаққа қайта оралды

© REUTERS / BENOIT TESSIERВрач в защитной маске стоит, опираясь на стену, в больнице с коронавирусом
Врач в защитной маске стоит, опираясь на стену, в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Өткен тәулікте Қазақстанда 2 018 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр - Sputnik. Қазақстанда өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. Мәліметтерге сәйкес, Шымкентте эпидемиологиялық ахуал қайта нашарлады. Қала "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа қайта ауысты.

Ал Солтүстік Қазақстан облысы, керісінше, "сары" аймақтан "жасылға" орын ауыстырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір тәулікте 2018 адамнан коронавирус табылды

19 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай:  

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, сонымен қатар Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 264
  • Алматы қаласы - 525
  • Шымкент қаласы - 81
  • Ақмола облысы - 131
  • Ақтөбе облысы - 68
  • Алматы облысы - 114
  • Атырау облысы - 66
  • Шығыс Қазақстан облысы - 77
  • Жамбыл облысы - 21
  • Батыс Қазақстан облысы - 98
  • Қарағанды облысы - 328
  • Қостанай облысы - 35
  • Қызылорда облысы - 24
  • Маңғыстау облысы - 56
  • Павлодар облысы - 97
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 14
  • Түркістан облысы - 19.
Жаңалықтар
0