Әлем

"Евровидение 2021": байқау финалистері анықталды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуПевица Манижа на конкурсе песни "Евровидение-2021"
Певица Манижа на конкурсе песни Евровидение-2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Конкурстың бірінші жартылай финалы 18 мамыр күні Роттердамда өтті

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр - Sputnik. Ресейлік әнші Манижа Сангин (Manizha) "Евровидение" халықаралық ән байқауының финалына өтті.

Конкурстың бірінші жартылай финалы 18 мамыр күні Роттердамда өтті. 16 елдің өкілі финалдық кезеңге жолдама үшін бағын сынады.

Манижа сахнаға үшінші болып шықты.

"Евровидение-2021" ән байқауы 18-22 мамыр аралығында Роттердамдағы Ahoy аренасында өтуде. Өткен жылы байқау коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалды. Сенбі күні өтетін финалда бірінші орын үшін 26 елдің орындаушысы бақ сынайды.

Манижа байқаудың финалында көрермендерді тағы бір таңғалдырады.

"Бір ғана жоспарым бар. Өнерде болсын, Евровидениеде болсын, кез келген жерде өзім болып қаламын. Бүгін де солай болды. Осы сахнаға шыққанымызға өте қуаныштымыз. Финалда мен ессіз әрекеттерге баруым мүмкін. Алайда өзім болып қаламын, жетістікке жетелейтін күш те осы. Қай жерде болғаныңыз маңызды емес, маңыздысы өзіңіз болып қалуыңыз", - деп келтіреді оның сөзін РИА Новости.

Көпшілікті таңғалдырған көйлек

Манижа ән орындауға өте үлкен әрі әдемі көйлекпен шықты. Көйлек Ресейдің әр түкпірінен жіберілген мата қалдықтарынан тігілген. Ол ән ортасында көйлекті шешіп, ішінен ашық қызғылт сары түсті комбинезонмен шығады.

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуӘнші Манижа
Евровидение 2021: байқау финалистері анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Әнші Манижа

Бұған дейін әнші бұл әрекетінің мәнін түсіндіріп берген болатын. Оның айтуынша, бұл көйлек -  әйелдің қолын байлап, бостандыққа мүмкіндік бермейтін ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер символы.

Финалға шыққандар

Дауыс беру нәтижесі бойынша финалға тек 10 қатысушы өтті: Әнші Tix - Fallen Angel (Норвегия), Эден Алене - Set Me Free (Израиль), Манижа - Russians woman (Ресей), Самира Эфенди - Mata Hari (Әзербайжан), Дестини Чукуньере - Je Me Casse (Мальта), Roop - Discoteque (Литва), Элена Цагрину - El Diablo (Кипр), Tusse - Voices (Швеция), Hooverphonic - The Wrong Place (Бельгия), Go_A - "Шум" (Украина).

Іріктеуге Евровидение көрермендері де, байқаудың білікті қазылар алқасы да қатысты.

Манижа туралы не білеміз

Manizha (Манижа Сангин) — әлеуметтік желіде музыкалық видеолары жариялағаннан кейін танымал болған Тәжікстаннан шыққан орыс әншісі. 2020 жылдың желтоқсанында ол БҰҰ-ның Ресейдегі босқындар ісі жөніндегі алғашқы ерікті елшісі болды.

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуМанижа командасымен бірге
Евровидение 2021: байқау финалистері анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Манижа командасымен бірге

Russian woman әні хейтерлер, танымал ресейлік эстрада жұлдыздары мен продюсерлер тарапынан сынға іліккен болатын, сонымен қатар саясаткерлер де конкурс үшін таңдалған бұл әнге күмәнін білдірді.

Дегенмен Манижаның YouTube-тағы "Евровидение" каналындағы ресми видеосы қаралым саны бойынша көш бастап тұр.

Жаңалықтар
0